05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы  №11-1-2/316

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 шілде, Астана қаласы «Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1848 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені», 2002 жылғы № 30, ст. 646 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармағына сәйкес бұйырамын:». 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы А.ВОЛКОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11989 болып енгізілді.